Accessibility links

Қазақстан туберкулез дертін ауыздықтай алды ма?


Қостанайдағы туберкулез диспансері, 22 мамыр. 2009

Қостанайдағы туберкулез диспансері, 22 мамыр. 2009

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі туберкулез дертіне шалдыққан адамдардың қатары азаймай отырғанын көрсеткен жылдық есебін жариялады. Ұйымның мәліметіне сүйен­сек, құрт ауруымен ауыратын тұр­ғын­дардың саны бойынша Қазақстан пост-советтік Латвия, Литва, Эстония, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өз­бекстан, Украин, және Беларусь елдерінің алдында тұр­.



Қарашаның 12-і Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жылдық қорытындысы шықты. 1995 жылдан бері 40 миллион адам құрт ауруынан емделіп шыққанымен бұл сырқат күн сайын 4,5 мың адамның өмірін қияды екен. 2009 жылы осы сыртқаттан 1,7 миллион адам қайтыс болды, оның 400 мыңы әйелдер. Ұйым мұндай зерттеулерді 1997 жылдан бері жариялап келеді.

Туберкулез проблемалары ұлттық орталығында емделгеніне 6 ай болған атын атаудан бас тартқан Алматы қаласының тұрғыны операцияға дайындайтын арнайы ем қабылдап жатыр. Ол орталықтың көптеген дәріге төзімді өкпе туберкулезін емдейтін бөлімінде жатыр.

Сұхбаттасымыз өзінің құрт ауыруына шалдыққан себебін елдегі сыртқы миграцияның бақылаусыз қалғанында деп санайды.

«Біз былтырғы жылы үйде жөндеу жүргіздік. Ол сәтті өтті. Біздің үйде көптеген Өзбекстан азаматтары тұрды. Солардың бірі осы сырқатпен ауруы мүмкін. Олар елге келгенде қандай аурумен ауыратынын ешкім тексерген жоқ»,- дейді ол.

Дәрігерлер еңбек мигранттарын жұмысқа алмай тұрып міндетті түрде қажетті тексеруден өтуін талап ету керек дейді. Алайда өкінішке қарай бұл талап орындалмайды, ал жекеменшік жұмыс берушілер мүлдем мұндай сақтық шаралары туралы ойлана бермейді дейді мамандар.

Дегенмен ресми деректер Қазақстанда туберкулез дертіне шалдыққандардың қатары жылдан жылға азайып келе жатқанын айтады. Мәселен, 2005 жылы жүз мың адамға шаққанда құрт ауруын жұқтырғандардың саны 147 адам болған. Ал, 2006 жылы республикада 132 адам тіркелсе, 2007-2008 жылдары 123 адам тіркелген. Былтырғы жылы өкпе ауруымен науқастанғандардың саны жүз мың адамға 105-тен келген.

Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша бұған 1998 жылы қабылданған арнайы бағдарлама септігін тигізді.

Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйен­сек, құрт ауруымен ауыратын тұр­ғын­дардың саны бойынша жағдай әлі де жақсарар емес. Бұл тұрғыда Қазақстан пост-советтік Латвия, Литва, Эстония, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өз­бекстан, Украин және Беларусь елдерінің алдында тұр­. Бүгінгі күні республика бойынша орта есеппен жүз мың тұр­ғынға 105 науқастан тіркеліп отырса, Қыр­ғызстанда бұл көрсеткіш жүз мың адамға 101-ден, Тәжікстанда 81, Өзбекстанда 65 адамнан келеді. Құрт ауруына шалдыққандардың саны жағынан Қазақстан 212 елдің арасында 33-ші орында тұр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG