Accessibility links

Бүгін Грузия оппозициясы биліктің ауысуын талап етеді


Бейсенбі күні Грузия оппозициясы Тбилисидегі парламент ғимаратының алдында жиын өткізіп, қазіргі биліктің ауысуын талап етпек.

Ұйымдастырушылардың бірі, оппозиция белсендісі Эка Беселия, жиын барысында делегаттардың екі сұраққа қатысты жауабы тыңдалатындығын айтады.

Біріншісі - ел Конституциясы ұнайды ма? Ал екіншісі - "Сенімсіздік үкімі" жобасына қатысты сайлау өтеді. Эка Беселияның сөзінше, жобада қазіргі биліктің негізгі порблемалары сөз етілген.

Ақпаратқа қарағанда бүгінгі жиынға 15 мыңнан аса делегат қатысады. Жиынға Грузия президенті Михаил Саакашвили де шақырылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG