Accessibility links

Ақтау түрмесінің бұрынғы басшыларына қатысты сот аяқталды


Ақтаудағы 172/1 түрмесінің бұрынғы басшылары түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды. Қарашаның 24-і күні аяқталған соттың үкімі бойынша, түрменің бұрынғы басшысы Мұхит Жанахметов – 5 жылға, ал оның орынбасары Шаяхмет Халменов – 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оларға өз қызметіне немқұрайлы қарады деп айыпталды, деп жазады республикалық ақпарат құралдары.

Бұл істе тағы екі адам: түрме кезекшісінің көмекшісі болған Мұхтар Нұрсейітов пен жедел-іс қимыл бөлімінің бастығы Төлеген Ысқақовтар да айыпты деп танылып, екеуі де 3 жылға қамалды.

Бұдан бөлек, қарашаның басында қашқан сотталушылардың алтауына қатысты сот аяқталып, олар 9-14 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді.

Биыл маусымның 22-сі күні Ақтау түрмесінен 21 сотталушының жаппай қашып кеткеннен кейін қозғалған еді. Арнайы операция барысында оларды 15-і түрлі жағдайда қаза тапты.

Бұл оқиға Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаевтың және оның екі орынбасарының қызметінен кетуіне себеп болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG