Accessibility links

Бүгін Камбоджада азалы күн


Бүгін Камбоджада азалы күн. Ел астанасы Пномпень қаласының орталық алаңында қаза болғандарды еске алу шарасы өтті.

Дүйсенбі күні Пномпень қаласында қалың адам тобының ішінде қаза тапқандар саны 347 адамға жетті. Олардың көпшілігі - әйелдер. Тағы 400 адам түрлі жарақат алған.

Оқиға Су байқауын (Судың кері айналып ағуы) тойлау барысында Тонлесап өзенінен Алмаз аралына апаратын тар көпір үстінде орын алды.

Оқиғаны өз көзімен көргендердің айтуынша, көпірдегі тәртіпсіздіктер бір топ адам арасында бірнеше адам есінен танып қалған соң басталған. Кей ақпараттарға қарағанда, біреу "көпір сынып бара жатыр" деп айқайлаған.
Мерекеге қатысамыз деген кейбір адамдар адам аяғының астында тапталып қалса, кейбіреулері өзенге құлап, батып кеткен.

Премьер-министр Хун Сен болған оқиғаны "қызыл кхмерлер" кезеңінен бергі Камбоджа тарихында орын алған ең қайғылы жағдай деп атады.
XS
SM
MD
LG