Accessibility links

Қазақстанда православие шіркеуі қазақ тіліне көшпек


Қазақстанның православие шіркеуі құдайға құлшылық ету рәсімдерін енді қазақша жүргізу жағын ойластырып жатыр.

Алматыдағы Митрополиидің ақпараттық қызметінің жетекшісі Евгений Ивановтың түсіндіруінше, бұған православие дінін ұстанатын қазақтілді отбасыларының өтініші себеп болған.

- Мысалы, Евангелие түсінікті болу үшін қазақшаға аударып жатырмыз. Сонымен қатар негізгі дұғаларды да «қазақша сөйлету» жағын қарастырып жатырмыз, - деді Евгений Иванов қарашаның 25-і күні Азаттық тілшісіне.

Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да тілді дамыту қажеттілігін атап көрсеткенін айтып, шіркеудің де президенттің еркіне қарай жаңа бағыт алу керектігін айтты.

Оның айтуынша, православие шіркеуі қазақшаға аудару мәселесін екі ай бұрын қолға алған көрінеді.
XS
SM
MD
LG