Accessibility links

Қытай АҚШ-Оңтүстік Корея жаттығуларына алаңдаулы


Қытай АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығу өткізу жөніндегі жоспарына алаңдаушылық танытты. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хонг Ли Бейжіңде сөйлеген сөзінде "Біз Корея аралындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа әсер ететін кез келген әрекетке қарсымыз" деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылаған соң, Сеул да жауап қайтарған болатын. Қарашаның 23-дегі оқиғада екі сарбаз бен екі қарапайым азамат құрбан болды. Оңтүстік Корея мен АҚШ жексенбі күні бірлескен жаттығу өткізетіндерін хабарлады.

Сеул қауіпсіздікті күшейтетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG