Accessibility links

WikiLeaks сайты АҚШ-қа қатысты кезекті құпия деректерді жарияламақ


WikiLeaks сайты жақын арада АҚШ Мемлекеттік департаментінің мыңдаған құпия құжаттарын жариялауға дайындалып жатқаны туралы Пентагон АҚШ Конгресі қос палатасының қарулы күштер ісі жөніндегі комитеттерін ескертті. Олардың нақты қандай құжаттар екендігі әзірге белгісіз.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Филип Кроули бұл құжаттарды жариялау «АҚШ мүддесіне нұқсан келтіріп, америкалық дипломаттар мен дүниежүзіндегі достарымыз арасында қарым-қатынасқа салқынын тигізеді» деп мәлімдеді.

WikiLeaks сайты бұл құпия құжаттар бойынша америкалық «Нью-Йорк таймс», британдық «Гардиан» және немістердің «Шпигель» басылымдарымен кеңесіп жатқаны айтылып отыр. Бұған дейін WikiLeaks сайты Ауғанстан мен Иракқа қатысты өзі жариялаған жүздеген құжаттарды осы басылымдарға бергені мәлім.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG