Accessibility links

Ирақ премьері Әл-Малики екінші мерзімге тағайындалмақ


Ирақ президенті Жалал Талабани Нури әл-Маликиді ресми түрде екінші мерзімге премьер-министр етіп тағайындамақшы. Сөйтіп Ирақ жетекшілері елдегі саяси дағдарысты аяқтауды көздеп отыр. Малики 30 күннің ішінде кабинетті жасақтауы тиіс болады.

Қарашаның 10-да билік бөлісу жөніндегі келісімнен кейін күрд Талабаниді қайтадан президент етіп, шиит Маликиді премьер-министрлікке, ал суннит Араб азаматын парламент спикері лауазымына таңдау жөнінде келісім жасалған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG