Accessibility links

Бельгияда 9 адамға лаңкес деген айып тағылды


Бельгияның билік орындары сейсенбі күнгі Еуропадағы рейдтен кейін 9 адамға лаңкестік әрекеттерімен айналысты деген айып тақты. Бельгия прокурорлары Антверпен қаласында күдікке ілінген 7 адамды Бельгияда шабуыл ұйымдастырмақшы болды және Ресейдің оңтүстік аймағында Ислам мемлекетін құруды көздейтін "Кавказ әмірлігі" ұйымы үшін жұмыс істеді деп айыптап отыр.

Сонымен қатар Бельгияда тұтқындалған тағы басқа екі адамға Ирақ пен Ауғанстандағы бүлікшілерге көмектесті деген айып тағылды.

Қарашаның 23-де Германия мен Нидерландыда осыған ұқсас рейд барысында үш күдікті ұсталған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG