Accessibility links

Украинада мыңдаған адам шеруге шықты


Киевте мыңдаған адам салық туралы заңға өзгерістер енгізілуіне наразылық танытып жатыр. "Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің хабарлауынша, Украина астанасында 6 мыңға жуық адам шерулерге қатысты тыйымға қарамастан шатырлар құрып алған. Бейсенбі күні елдің басқа да қалаларында осыған ұқсас наразылық шаралары болып өтті.

Үкіметтің айтуынша салық саласындағы реформалар экономиканы дамыту үшін керек. Шерушілер президентті кішігірім компанияларды салық жеңілдіктерінен айыратын заң жобасына вето қоюға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG