Accessibility links

НАТО көліктері Ауғанстанға Ресей арқылы өтетін болды


Ресей өзінің жері арқылы НАТО әскери көліктерінің Ауғанстанға өтуіне рұқсат береді. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде ауған әріптесі Залмай Расулмен кездесуі барысында хабарлады. Транзит туралы жаңа келісім "минадан қорғанысы бар әскери көліктерге" қатысты деді Лавров.

Өткен аптада Мәскеу мен НАТО батыс елдерінің әскери көліктерінің Ресейден Ауғанстанға өтуіне мүмкіндік беретін келісімге қол қойған болатын. Бірақ НАТО ресми өкілдері жаңа келісім туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG