Accessibility links

Влад Листьев атындағы сыйлық Леонид Парфеновке берілді


Влад Листьев атындағы алғашқы телевизиялық сыйлық журналист Леонид Парфеновке берілді.

Марапаттау рәсімінде сөз алған Парфенов, бұл сыйлық оның командасының жетістігі екендігін атап өтті.

Ол сондай-ақ, жуырда соққыға жығылып, ауруханада жатқан "Коммерсант" газетінің журналисті Олег Кашиннің жағдайын айтты. Содан кейін Ресейдің федералды телеарналарын сынға алды. Оның ішінде телеарналардағы цензураны атап өтті.

Влад Листьев атындағы сыйлық 2010 жылдың көктемінде тағайындалған. Сыйлықтың қаржылық қоры - 1 миллион рубль.
XS
SM
MD
LG