Accessibility links

Үндістан: Мумбайдағы теракт құрбандарын еске алу шарасы өтті


Бүгін Үндістанның Мумбайында екі жыл бұрын болған теракт құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Орталық алаңда антитеррористистік күш құрылымдарының шеруі өтті.

Үндістан Пәкістанды терактке қатысы бар адамдарды қатал жазалауға шақырып отыр.

2008 жылдың 26 қарашасында Мумбайдағы бірнеше мекемеге бүлікшілер шабуыл жасаған еді. Нәтижесінде 166 адам мерт болды. Шабуыл жасағандардың бірі қолға түсіп, өлім жазасына кесілді.

Пәкістанда осы іске қатысты бар деген жеті адам тұтқынға алынған. Бірақ әлі олардың ешқайсысы сотқа тартылған жоқ.
XS
SM
MD
LG