Accessibility links

«Үздік коммент» байқауының жүлдегерлері


Азаттық радиосының сайтындағы «Үздік коммент» байқауының осы аптадағы жеңімпаздары анықталды. Редакция жүлдені үш номинация – «тұрақты», «салмақты» және «тапқыр коммент жазушы» деп бөліп, жеңімпаздарға МР3 форматында CD табаққа түскен Абайдың қара сөздерін тарту етеді.

Редакция шешімі бойынша, төмендегі оқырмандарымыз – «Үздік коммент» байқауының осы аптадағы жеңімпаздары.

1. «Тұрақты коммент жазушы» Шапырашты емес деген лақап атпен пікір қосқан оқырман.

Ол кісінің «...Астанада жылуы, ыстық суы жоқ жатақханада тұрып жатырмыз» деген блогқа орай жазылған мына пікірін ұсынып отырмыз:

«Сонда бомждардың барлығын қайда алып кеткен? Ол байғұстарды бір жерге шығарып, қырып салған жоқ па екен мына оңбаған иттер. Әй, НАН, о дүниеде жаратушының алдына барғанда сені ешкім VIP кабинетте қабылдамайды, өзіңмен замандас бомждармен бірге қатар тұрасың. Дәл солар секілді қойылған сұраққа, жасаған амалыңа жауап бересің. Нағыз бишара екенсің».

2. «Салмақты коммент жазушы»Қуат деген оқырманымыз.

Қуаттың «Судья «Қазақгейт» ісін айыпкер Джеймс Гиффенді мақтаумен аяқтады» деген мақалаға байланысты айтылған пікірін тағы бір еске сала кеткенді жөн көрдік:

«Соңы осылай боларын білген едік... Гиффен ісінде көп кілтипан бар.
1. Оның «ЦРУ агенті» болғаны себепті сотқа кейбір құжаттардың берілмеуі, істің құпия болуы себепті баспасөзге істің нақты анық-қанығының белгісіздігі, т.б. Тіпті, Гиффен - ЦРУ агенті дегеннің өзі ойлап табылған дүние болуы мүмкін. Оның басын арашалау үшін. АҚШ билігі өз мүддесі тұрғысынан әрекет жасады деушілер де бар. Өз азаматын арашалап алды деген де жанды пікір.
2. Осы істің басы қасында жүргендерге яки АҚШ билігіне ықпалы бар адамдарға пара ұсынылуы немесе әлдеқандай пайдалы қазбалар кенішінің уәде етілуі.
Әрине, мұның бәрі болжам. Дегенмен де бір кілтипанның бары анық».

3. «Тапқыр коммент жазушы»Айбалта деген лақап атпен пікір қосқан оқырман.

Айбалта төмендегі пікірді «Экономистің» барлау тобы: «Назарбаев 2012 жылы қайта сайланады» деген мақалаға орай айтыпты.

«20 жыл болды – мемлекеттегі негізгі күш Халық екенін қазекең әлі ұғына қойған жоқ. Қайдағы бір болжамдарға имандай сеніп, аузын ашып, Қожанасыр қалпында отыр... «Аңқау халыққа – арамза молда» дегенің де тап осы».

Үздік коммент иелері сыйлықтарын Азаттық радиосының Алматыдағы бюросынан келіп алып кетсе болады. Коммент қалдырғанда көрсеткен электронды пошталарын жазып (дәл сол оқырман екенін нақтылау үшін), мекен-жайларын жіберсе, пошта арқылы да салып жібереміз. Жүлдені редакциямыздан басқа адам арқылы да алдыртуға болады. Ондай жағдайда да келген адам жүлдегердің электронды поштасын растауы тиіс.

Жүлделеріңіз құтты болсын!
XS
SM
MD
LG