Accessibility links

Бразилия полициясы есірткісі мафиясын ығыстырды


Бразилия полициясы хабарлағандай, Рио-де-Жанейро қаласы аудандарының біріндегі ахуал толық бақылауға алынды. Соңғы бірнеше күннен бері осы ауданда есірткі мафиясы бүлік шығарған болатын.

Хабарға қарағанда, жарлы-жақыбайлар тұратын бұл ауданға соғыс техникасы енгізіліп полицейлерге көмекке жүздеген жауынгер жұмылдырылды. Есірткі саудагерлерін қудалау әрі қарай жалғасты.

Полиция мен қарулы қарақшылардывң арасындағы қақтығыста өткен бейсенбі күні кем дегенде 8 адам оққа ұшты.

Жалпы өткен аптаның соңынан бері Вила Крузейро кварталындағы шайқаста 30-ға кісі мерт болды. Ондаған автокөлік пен жолаушы автобусы өртелді.
XS
SM
MD
LG