Accessibility links

ЕҚЫҰ: Ақорда өз міндеттемелерін орындамады


Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымға төрағалық етуі елдегі баспасөз бостандығының халін жақсарта қоймады.

Аталған Еуропалық құрылымның баспасөз бостандығы бойынша арнаулы өкілі Дунья Миятович жұма күні Астанада өткізген баспасөз-маслихатында осылай деп мәлімдеді.

Сонымен бірге Дунья ханым Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйым алдындағы баспасөзге қатысты міндеттемелерін орындайды деп үміттенетінін айтты.

Дунья Миятович Ақордадан «қауіпсіздік қызметінің құпия құжаттарын жариялады» деген айыппен 3,5 жылға сотталған «Алма-Ата-Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркеповті дереу түрмеден босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG