Accessibility links

Еуропа Ресей компанияларына бөгет қойып отыр


Жұма күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин әлдеқайда тығыз экономикалық қарым-қатынас орнатуға ұмтылған ресейлік компаниялардың алдына Еуропаның бөгет қойып отырғанын мәлімдеді.

Берлиндегі экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Путин атап көрсеткендей, Ресейдің көптеген компаниясы өз капиталын Еуропаға жұмсауға ұмтылды, бірақ саяси тосқауылдарға тап болды.

Форумнан кейін Ресей премьері неміс канцлері Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіп, көп мәселесінің ішінде - немістердің Рургаз компаниясының Газпром компаниясындағы құны 4,5 миллиард доллар үлесінің тағдырын талқылауға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG