Accessibility links

Тайванда сайлаулар өтіп жатыр


Тайванда бүгін жергілікті сайлаулар басталды. Миллиондаған адам сайлауға қатысып, дауыс беріп жатыр. 2012 жылы Тайванда маңызды президент сайлауы өтеді.

Сенбі күні биліктегі "Куомингтанг" партиясының науқаны барысында бұрынғы вице-президент Лиен Чанның ұлын бір адам атып кетті. Медициналық мамандардың айтуынша, оның жағдайы бірқалыпты.

Тайвандағы сайлаулар аталмыш партияның Қытаймен тығызырақ қарым-қатынас орнату саясаты үшін сынақ деп бағаланып отыр.
XS
SM
MD
LG