Accessibility links

Пәкістандағы суннит мұсылмандар лаңкестікке қарсы шеру бастады


Пәкістанда жүздеген суннит мұсылмандары Талибанның зиярат орындарына шабуылына наразылық білдіру үшін шеру өткізіп жатыр. Шерушілер Исламабадтан 320 шақырым жер жүріп, елдің шығысындағы Лахор қаласында наразылық танытпақшы. Шілде айында осы қаладағы сопылардың зиярат орнында болған жанкештілік жарылыстан 47 адам қаза тапқан еді.

Наразылық шарасын сунниттердің иттихад кеңесі қаржыландырып отыр. Аталмыш кеңес лаңкестікті айыптап, үкіметті елдегі діни жерлерді қорғай алмай отыр деп сынайды.

Талибан мен басқа да суннит экстремистері сопылардың зиярат мекенін пұтқа табынушылықпен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG