Accessibility links

Ирақта шіркеуді басып алу оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды


Ирақ ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, өткен айда Бағдадтағы шіркеуді басып алу оқиғасына қатысы бар деген күдікпен 12 бүлікші қамауға алынды.

Ішкі істер министрі Жауад Боланидің айтуынша, соңғы күндері тұтқындалған бұл адамдардың Ирақтағы Әл-Қаида желісімен байланысы болуы мүмкін.

Қазан айында бүлікшілер Ирақ астанасындағы шіркеуде 120-ға жуық адамды кепілдікке алған болатын. Ол оқиғада 68 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG