Accessibility links

Карачиде тұрғын үйге жүк ұшағы құлады


Жексенбі күні Пәкістанның Карачи қаласындағы тұрғын үй кешеніне жүк ұшағы құлады. Ұшақта болған ресейлік 8 экипаж мүшесі түгелдей қаза тапты.

Хабарларға қарағанда, апаттан бір адам ғана жараланған. Авиация өкілдерінің айтуынша, Ресейде жасалған карго ұшағы Суданға бара жатқан. Ол әуеге көтерілген екі минуттан кейін жерге құлады.

Ұшақ Пәкістанның әскери кешеніндегі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан үйлерге құлаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жүк ұшағы адам көп шоғырланған аймақтан бірнеше метр алысырақ барып құлады.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG