Accessibility links

НАТО: Ауғанстанның шығысынан бүлікшілер жетекшісі ұсталды


Ауғанстандағы НАТО күштері елдің шығысында әл-Қаида террорлық ұйымымен байланысы бар талибан жетекшісі ұсталғанын хабарлады.

Әскери альянстың жексенбі күні хабарлауынша, Хаққани тобының белсендісі қарашаның 25-де Ауғанстанның шығысындағы Хост провинциясынан ұсталған. Ол одақтас күштердің базалары мен көлік керуенін нысанаға алған шабуылдар үшін айыпталып келген.

Associated Press агенттігінің жазуынша, осымен қолға түскен Хаққани жетекшілерінің саны осы айда 20-ға жетті.
XS
SM
MD
LG