Accessibility links

Түркіменстан мен Иран жаңа газ құбырын ашты


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов түркімен газын Иранның солтүстігіне жеткізетін газ құбырының соңғы бөлігінің ашылу салтанатына қатысты.

ИРНА ақпарат агенттігінің жазуынша, екі ел жетекшісі Теһран мен Хангиран мұнай өңдеу зауытын байланыстыратын мың шақырымдай құбыр желісін ашқан.

Иран мұнай министрінің орынбасары бұл құбыр желісі күніне 58 миллион текше метр газды тасымалдай алады дейді.

Құны 1,2 млрд долларлық құбыр желісі Түркіменстанның Довлетабад газ кенішінен Иранның Хангиран мұнай өңдеу зауытына дейін созылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG