Accessibility links

Хиллари Клинтон Астанада азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі


Астанадағы ЕҚЫҰ-ның саммитіне қатысуға келетін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон алдағы сейсенбі күні елдегі азаматтық қоғам белсенділерімен кездеседі.

Бұл туралы Клинтонның орынбасары Томас О Милия хабарлады. Оның айтуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен Еуразия университетінде кездеседі.

Бұл кездесу ЕҚЫҰ үшін де, АҚШ үшін де азаматтық қоғамның маңыздылығын танытады деді Томас О Милия жексенбі күні өткізген брифингте. Ол Хиллари Клинтон барған елінде осындай кездесулер өткізіп келеді деді.

Осындай жиындарда мемлекеттік хатшы әлемнің әр аймағындағы барлық азаматтық қоғамға АҚШ әрдайым саяси, моралдық және қаржылай көмегін таныта береді деген.
XS
SM
MD
LG