Accessibility links

WikiLeaks дипломатиялық құпия құжаттарды жариялай бастады


WikiLeaks интернет-сайты жексенбі күні америкалық дипломаттардың құпия құжаттарының алғашқы бөлігін жариялады. Батыстың бірқатар басылымдары бұл құжаттардың саны 250 мыңнан асады деп жазып отыр.

Сайт материалдарына негізделген жарияланымдар, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және Испанияның ірі басылымдарында жарық көріп үлерді.

Құжаттарда, Америка дипломаттарының БҰҰ басшылығына бақылау жасауға ниеттенгені, Пәкістанның ядролық қаруы мен АҚШ-қа қарсы жұмыс істеген қытайлық хакерлер туралы мәліметтер бар. Жарияланған құжаттардың бірқатары Орта Азия елдері, оның ішінде Қазақстанға да қатысты.

Одан өзге, WikiLeaks әлем елдері жетекшілерінің ішінде Италья мен Ресей премьерлері Сильвио Берлускони мен Владимир Путиннің өзара «тығыз байланыстары» туралы да жазған.

Ақ үй сайттың бұл әркететін «жауапкершіліктің жоқтығымен қауіпті» деген баға беріп, сынға алды. Вашингтонның пікірінше, олар АҚШ-тың ұлттық мүддесіне ғана емес бірқатар адамдардың өміріне қауіп төндіріп отыр.
XS
SM
MD
LG