Accessibility links

Халықаралық азаматтық қоғам өкілдері ЕҚЫҰ елдеріне үндеу жолдады


Халықаралық адам құқын қорғаушы белсенділер 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалықты алған Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуына қатысты ұйымға мүше елдердің үкіметтеріне ашық хат жолдады.

Жақын күндері Қазақстан ЕҚЫҰ-на мүше елдер президенттері мен үкіметтік делагациясы қатысатын саммит өткізеді. 2007 жылы Мадридте ұйымға төрағалықты алар кезінде Астана елде демократиялық реформалар жасауға уәде берген, алайда ол керісінше болып шықты дейді азаматтық қоғам белсенділері.

Олар Қазақстандағы адам құқының бұзылып жатқан жағдайларын 6 бапқа бөліп, әр саладағы заңбұзушылықтар жайында дәлелдер келтірген. Атап айтқанда, қамау мекемелеріндегі азаптаулар, саяси астары бар қылмыстық істер, БАҚ жұмысына кедергі келтіру, саяси құқықтардың бұзылуы, азшылық діни топтарды шектеулер, БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясының бұзылуы деп бөлінген.

Ашық хат соңында азаматтық қоғам мен адам құқын қорғаушы белсенділер Қазақстан билігіне қайрылып, адам құқын қорғау жөніндегі жалпыға ортақ декларацияда бекітілгендей, адам құқығы мен еркіндігін сақтауға шақырған.
XS
SM
MD
LG