Accessibility links

Иранда екі ғалымға қарсы шабуыл болып, академик қаза тапты


Иранның ақпарат құралдары жазып жатқандай, дүйсенбі күні Теһранда екі бірдей бомба жарылысы болып, оның біреуінен белгілі академик құрбан болды.

Хабарларға қарағанда, мотоциклге отырған шабуылдаушылар жарылғыш затты жұмысқа бара жатқан академик ғалымның көлігіне тастап кеткен.

Жарылыстан Теһрандағы Шахид Бехешти университетінің ядролық істер жөніндегі маманы Маджид Шахриари қаза тауып, оның әйелі жараланды. Тағы дәл сондай бомба жарылысы ядролық физик Ферейдон Аббасиды нысанаға алып, ол әйелі екеуі қатты жараланды.

Ирандық ақпарат құралдары бұл шабуылдардың артында тұр деп АҚШ пен Израилдің тыңшыларын айыптады.
XS
SM
MD
LG