Accessibility links

Франция: Ирландияға көмек нарықты күшейтуге жетеді


Франция үкіметінің айтуынша, Ирландияға Еуропа Одағы мен Халықаралық қаржы қорынан берілетін 85 миллиард доллар көмек қаржы нарығындағы еуропалық валютаның тұрақтылығына қатысты алаңдаушылықты басуға жеткілікті болады.

Францияның бюджет істері жөніндегі министрі Франсуа Баруэн айтып отырғандай, Франция мен Германия еуроны сақтап, нарықта тығырықта қалмау жолдарын қарастырған. Ол сондай-ақ, Еуропадағы қарыз дағдарысы Францияға еш қауіп төндіріп тұрған жоқ деді.

Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорының Ирландияға көмегі осы жылы еуро кеңістікте мақұлданған екінші қолдау болып отыр. Осының алдында мамырда қарыз дағдарысына тап болған Грекияға 110 млд доллар көмек берген.
XS
SM
MD
LG