Accessibility links

Қырғыз үкіметі Оштағы рейд кезінде 4 содыр қаза болды деді


Қырғызстанның қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігінде тығылып жүрген исламистік жауынгерлерді іздеу операциясы кезінде 4 бүлікші қаза тапты деп хабарлады.

Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің басшысы Марат Иманкуловтың айтуынша, полиция күштері тыйым салынған Ислам қозғалысының үш мүшесін атып өлтірді, төртінші содыр граната жарылып қаза тапты.

Қарулы қақтығыста екі полиция қызметкері жараланған. Жергілікті полиция өкілі рейд кезінде исламистік Хизб-ут Тахрир ұйымының мүшелері нысанаға алынған деп айтты.

Ош аймағы 400 адамның өмірін қиған маусым айындағы этникалық қақтығыс орын алған аймақ. Ол қақтығыста мыңдаған қырғыз бен өзбек үйлерін тастап, босып кетті.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG