Accessibility links

Қазақстанның шығысында автожолдар жабылды


Шығыс Қазақстан облысында Павлодар-Семей тас жолы мен Өскемен-Самара жолының бөлігі жабылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланып отыр.

«Павлодар-Семей» жолы көлік қозғалысы үшін дүйсенбі сағат 23.45 бастап жабық. «Өскемен-Тарғын-Самара» тас жолы 63 пен 145 шақырым бөлігінде (Тарғын ауылынан Самара ауылына дейін) сейсенбінің сағат 06:00 жабық.

Ақпаратқа қарағанда, бүгін облыс бойынша ауа-райы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын, боран, көк тайғақ болуы ықтимал.

Ауа температурасы – 5 градус аяз, кей жерлерде минус 9-ға дейін түседі.
XS
SM
MD
LG