Accessibility links

Мысырда оппозиция наразылық шарасын өткізді


Мысырдың бірнеше қалаларында оппозиция өкілдері наразылық шарасын өткізді. Олар жексенбі, қарашаның 28-інде өткен парламент сайлауы бұрмаланды дегенді айтады.

Елдегі "Мұсылман -бауырлар" атты ірі оппозициялық партиясы, өзінің сайлауда жеңіліп қалғандығын мәлімдеді.

Партияның жақтастары мен басқа да оппозициялық партиялар өкілдері наразылық шарасына өткізді. Жеңіл автокөліктер өртеніп, кей жерлерде полициямен қақтығыс болды.

Сайлау кезінде кей дауыс беру учаскелеріне халықаралық бақылаушалар жіберілмеді.

Сайлаудың ресми қортындысы бүгін жариялануы тиіс.
XS
SM
MD
LG