Accessibility links

Демократтар Ресеймен арадағы келісімді бекітуге шақырды


АҚШ сенатындағы демократтар республикалық әріптестерін Ресеймен арадағы ядролық қаруларды азайту туралы келісімді қолдауға шақырды. Сенаттың сыртқы қатынастар комитетінің төрағасы Джон Керридің мәлімдеуінше, бұл келісім бекітілмесе АҚШ инспекторлары Ресейдің ядролық арсеналын тексере алмайды.

Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімге АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев сәуір айында Прагада қол қойған болатын.
XS
SM
MD
LG