Accessibility links

Медведев: Жаңа қарулар бәсекелестігі басталуы мүмкін


Ресей президенті Дмитрий Медведев Батыспен зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты келісім жасалмаса, алдағы он жылда жаңа қарулар бәсекелестігі басталуы мүмкін деп ескертті. Бұл туралы Медведев бүгін парламентте жариялаған халыққа жолдауында мәлімдеді.

Ішкі мәселелерге тоқталған Медведев ғаламдық экономикалық дағдарыстың салдары әлі толығымен жойылған жоқ бірақ үкімет экономиканы тұрақтандыра алды деп атап көрсетті.

Өткен аптада Медведев елдің саяси жүйесін сынаған болатын. Оның айтуынша, Ресейде саяси бәсекелестіктің жоқтығы оппозицияны оқшаулап, биліктегі "Единая Россия" партиясына да кері әсер еткен.
XS
SM
MD
LG