Accessibility links

Назарбаев пен БҰҰ басшысы әлем мен аймақтағы жағдайды талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун ғаламдық және аймақтық саясат мәселелерін талқылады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келген Пан Ги Мун Қазақстанның аталмыш ұйымға төрағалығын жоғары бағалап, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруда атқарған ролін атап өтті. Сонымен қатар БҰҰ басшысы Қазақстанды Ауғанстандағы қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесіне қосқан үлесі үшін мадақтады.

Президент баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, Астанада өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті Қазақстан басшылығының ғана емес сонымен қатар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен оның бастамаларының халықаралық түрде мойындалуын білдіреді.
XS
SM
MD
LG