Accessibility links

Пан Ги Мун: Қазақстан басшыларымен адам құқықтары мәселесін сөйлестім


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіндегі ролін мадақтады. Бірақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммиті алдында Азаттық радиосына берген сұхбатында Пан Ги Мун Қазақстан жетекшілерімен адам құқықтары туралы мәселесін де көтергенін айтты.

"Қазақстан басшылары БҰҰ комиссиясының осы жылы берген кеңестеріне сай алғабасушылық жасайды деп үміттенемін", - деді Пан Ги Мун.

Сонымен қатар бүгін АҚШ-тағы Human Rights Watch ұйымы Қазақстанның адам құқықтары жағдайы одан сайын нашарлап кетті деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG