Accessibility links

Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңеюін қолдайды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңеюін қолдайтынын мәлімдеді. Сейсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында Пан Ги Мун БҰҰ-на мүше елдер Қауіпсіздік кеңесін реформалау қажет деп ойлайды деді. Алайда БҰҰ басшысы Үндістан сияқты елдер кеңеске тұрақты мүше болуы керек пе жоқ па - оны нақты айтпады.

Пан Ги Мун Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті алдында Азаттыққа сұхбат берген болатын.
XS
SM
MD
LG