Accessibility links

Құқыққорғаушылар саммитте баспасөз мәселесі талқылану керек дейді


Нью-Йорктегі Журналистерді қорғау комитеті, Астандағы 55 мемлекеттің өкілі қатысып отырған ЕҚЫҰ саммитінің күн тәртібіне Қазақстандағы баспасөз бостандығы мәселесі енуі тиіс деп санайды.

Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық комитеттің Еуропалық және Орталық Азиялық бағдарламаларын үйлестіруші Нина Огняновның сөзінше, ұйымға мүше мемлекеттер жетекшілері, Қазақстаннан өз елінде баспасөз еркіндігі саласына реформа енгізуді талап етуі тиіс. Өйткені осы күнге дейін Қазақстан өз ішінде баспасөзге еркіндік берудің орнына оны бақылап, қысымға алатын заңдарды қабылдап келеді, делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Соңғы бірнеше жылдың ішінде бірнеше журналистер түрмеге отырғызылып, тағы біразына әкімшілік жаза тағайындалды, сондай-ақ миллиондаған сомадағы айыппұл салу негізінде ақпарат құралдарының жабылып қалғандығы осы айтылғандарға дәлел болады дейді журналистерді қорғау комитеті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG