Accessibility links

БҰҰ ЕҚЫҰ-ның Ауғанстан мәселесіне араласуын қолдайды


БҰҰ ЕҚЫҰ-ның Ауғанстан мәселесіне кеңінен араласуын қолдайды. Бұл туралы бүгін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Астанадғы ЕҚЫҰ саммитінде айтты.

Оның сөзінше, биыл Қырғызстанда болған оқиғалар барысында БҰҰ мен ЕҚЫҰ бірлесе жұмыс істей алатындығын көрсеткен. Ендігі кезекте – Ауғанстан тұр, деді Пан Ги Мун.

«Біздің алдымызда жаңа сынақтар күтіп тұр. Бізге өтпелі үдеріс тұрақты болуы үшін тығыз ынтымақтасу қажет. Бұл ретте БҰҰ Ауғанстан мәселесі бойынша ұлттық бағдарламалар мен басымдықтар бойынша ЕҚЫҰ -ның кеңінен қатысуын қолдайды», деді Пан Ги Мун.

Сонымен қатар ол, Ауғанстан және оның көршілес мемлекеттері үшін келесі жылдың басынан өңірлік іс-шаралар бағдарламасы жүзеге асырылатындығын айтты. Аталған бағдарлама есірткі айналымы қаупі бойынша трансшекаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталып, бұл саладағы қылмыстың алдын алу шараларын да қамтитын болады.

Сондай-ақ, ЕҚЫҰ ұзаққа созылған шиеленістерді бейбіт реттеуде БҰҰ-ға сүйене алады, деп сендірді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун.
XS
SM
MD
LG