Accessibility links

Путин зымыраннан қорғанысқа қатысты ескерту жасады


Премьер-министр Владимир Путиннің мәлімдеуінше, егер Ресей Батыстың зымыраннан қорғаныс жүйесінен шеттетілсе, Мәскеу ядролық қарулар мен "соққы беретін әскерді" орналастырады.

Сейсенбі күні CNN телеарнасындағы Ларри Кинге берген сұхбатында Путин Еуропаға төніп тұрған зымырандық қауіп-қатер мәселесін бірлесіп шешу керек деп атап көрсетті. Өткен айда Ресей-НАТО саммитінде осы жөнінде келісім жасалған болатын. Алайда егер Ресейдің ұсыныстары қабылданбаса немесе шекаралық аймақта жаңа қауіп болса, Ресей өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс болады деді Путин.

Осыған ұқсас пікірді Ресей президенті Дмитрий Медведев те сейсенбі күні айтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG