Accessibility links

«Уикиликс»: АҚШ Пәкістанның ядролық материалына алаңдаулы


«Уикиликс» сайтында жарияланған құпия мәліметтерге қарағанда, Батыс елдерінің ресми өкілдері исламшыл бүлікшілер Пәкістанның ядролық материалына қол жеткізуі мүмкін деп алаңдайды.

Бұл туралы АҚШ-тың 250 мыңнан астам дипломатиялық файлдарын жариялаған «Уикиликс» сайтымен бірге жұмыс істейтін басылымдар сейсенбі күні хабарлады. Осыған байланысты пікір білдірген Пәкістан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мұндай алаңдаушылықтар орынсыз деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG