Accessibility links

Әлем елдері басшылары ЕҚЫҰ-ын күшейтуге шақырды


Қазақстанда жиналған әлем елдерінің басшылары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ролін қайта жаңғыртуға шақырды.

Сәрсенбі күні Астанада басталған саммит аталмыш ұйымның соңғы 11 жылда өткізіп отырған алғашқы жоғары деңгейлі жиыны. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 1970 жылдары құрылған болатын. Оның мақсаты аймақтағы қақтығыстардың алдын алу және қырғиқабақ соғысы кезіндегі жаулар арасындағы диалогты алға тарту.

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аймақтағы дағдарыстарды тиімдірек шешуі үшін бұл ұйымды күшейту керек деп ойлаймыз. Ресейдің де қазіргі мүмкіндігіміздің жақсартылуын қолдауы ынталандырады. Біз Грузия мен Қырғызстандағы оқиғалар сияқты төтенше жағдайларға өз уақытында, бейтарап түрде жауап қайтаруға мүмкіндік беретін жүйені жасамақшымыз», - деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

Сонымен қатар АҚШ мемлекеттік хатшысы аталмыш ұйымға мүше елдерді Ауғанстанда көбірек рол атқаруға және әлемдегі адам құқықтары жағдайын жақсарту үшін көбірек жұмыс істеуге шақырды. Ресей президенті Дмитрий Медведев ЕҚЫҰ әлеуетін жоғалта бастады, ұйымды қайта жаңғырту қажет деп атап көрсетті.

Астанадағы самиттің күн тәртібінде Қырғызстандағы толқулар, Ауғанстандағы жағдай және Таулы Қарабах пен Молдованың Днестр маңы аймағындағы уақытша тоқтатылған қақтығыстар сонымен қатар Грузияның сепаратистік Оңтүстік Осетия мен Абхазия аймағына қатысты мәселелер тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG