Accessibility links

Өзбек босқын әйелдері Алматыда жиын өткізді


Бүгін таңертең Алматыдағы БҰҰ-ның ғимаратының алдында оншақты өзбек босқын әйелдер наразылық шарасын өткізді. Олар бірнеше айдан бері Қазақстанның ҰҚҚ-нің тергеу изоляторында жатқан күйеулерін босатуды талап етті, дейді оқиға орнынан Азаттық тілшісі.

Босқын балалар қолдарына «Назарбаев! Өзбекстан босқындар үшін өлім!», «Қазақстан, біздің әкелерімізді босат!» деп жазылған плакаттар ұстап тұрған. Алайда көп ұзамай оларды полиция қызметкерлері тартып алды.

Жиналғандар БҰҰ-ны өкілімен кездеспек болғанымен, оларға ешкім шыққан жоқ. Босқын әйелдер болса қандай да жауап алмай кетпейтіндіктерін мәлімдеп отыр.

Биылғы маусымда Алматыда жүргізілген «Мигрант» операциясы барысында Өзбекстаннан келген 30 босқын полиция қолына түскен болатын. Ақпарат бойынша, Өзбекстанда бұл азаматтар ауыр қылмыс жасаған, сол себепті еліне қайтарылуы тиіс. Ал босқындардың өздері болса, бұл айыптардың жалған екендігін айтып, еліне оралудан бас тартып отыр.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG