Accessibility links

Еуропада қалың қар мен аяз 15 адамның өмірін әкетті


Еуропаның көптеген елдеріне қалың қар түсіп, аяз күшіне енді. Ауаның температурасы төмендеп, -20 градусқа дейін жетті.

Ауа-райының суытуынан Еуропада 15 адам қаза тапса, оның 8-і польшалық болып отыр. Британия, Швейцария, Франция, Чехия мен Германияда қалың қардан әуежайлары жабылып, ұшақ рейстері кейінге қалды.

Италияда қалың жауын Помпейдегі ежелгі екі Рим қабырғасын құлатып, Венецияда су тасқыны болып жатыр. Албанияда қалың жауын болып, елдің солтүстігінде төтенше жағдай жарияланды.
XS
SM
MD
LG