Accessibility links

Уикиликс Ресей үкіметі мен қылмыстық топтың байланысы туралы айтады


АҚШ дипломаттарына қатысты құпия мәліметтері жариялап жатқан Уикиликс сайты мен оның мәліметтерін басып шығарған Британияның Гардиан басылымы Ресей билігі мен ұйымдасқан қылмыстық топтар арасындағы жақын байланыс туралы айтып отыр.

Ондағы құпия деректерде Испания прокуроры АҚШ билігінің өкілдеріне өзінің Ресейді мафиялық мемлекет деп қарайтынын айтқан. Испаниядағы ресейліктердің ұйымдасқан қылмысы туралы тергеу жүргізген испандық прокурор Ресейдің барлау қызметтері де қару саудасы сияқты қылмыстық операцияларды жүзеге асыру үшін мафияны пайдаланып келген деді.

Тағы бір мәліметтерде АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэниель Фрид 2006 жылғы Лондонда өлтірілген диссидент Александр Литвиненконың өлімі туралы Путин білуі мүмкін деп айтқан.
XS
SM
MD
LG