Accessibility links

МАГАТЭ Иран туралы талқылауға жиналды


Бүгін Венада БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің екі күндік жиыны басталды. Онда күн тәртібінде Иранның даулы ядролық бағдарламасы бар.

МАГАТЭ-ге мүше 35 елдің өкілдері Женевада өтетін Иран мен әлемнің алты елі арасындағы келіссөздерге үш күн қалғанда болып отыр. Желтоқсанның 6-7 күндері АҚШ, Британия, Франция, Қытай, Ресей және Германия елдері Иранның ядролық бағдарламасы туралы келіссөздер өткізеді.

Сегіз жылдық тергеуінен кейін де МАГАТЭ Иранның ядролық бағдарламасы Теһран айтып отырғандай бейбіт мақсатта ма, жоқ па анықтай алмай келеді.
XS
SM
MD
LG