Accessibility links

Хиллари Клинтон Бішкекте келіссөздер өткізді


Қырғызстан астанасына іс-сапармен барған АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Бішкекте президент Роза Отунбаевамен және басқа да ресми өкілдермен келіссөздер өткізді.

Клинтон ханым азаматтық қоғам белсенділері және студенттермен де кездесті. Ол Орталық Азияда нағыз парламенттік демократия бола алмайды деп көп адам айтқанын біз теріске шығарамыз және Қырғызстан оны дәлелдеді деп ойлаймыз деді.

Сонымен қоса, АҚШ мемлекеттік хатшысы Қырғызстанның үлкен өзгерістер арқылы биікке жеткенін айтты. Хиллари Клинтон маусым айындағы қақтығыста жүздеген адамның өмірін қиған қайғылы оқиға жайлы да айта келе, қақтығыста құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Және де Қырғызстан президентіне Ауғанстандағы тұрақтылық пен аймақтағы қауіпсіздікке үлес қосып, "Манас" әуебазасын жалға беріп отырғаны үшін алғысын білдірді. АҚШ Ауғанстанға күштерін жеткізіп, әскеріне қажетті жабдықтар тасып тұру үшін "Манас" әуебазасын жалға алып келеді.
XS
SM
MD
LG