Accessibility links

Швеция соты Уикиликстің иесі Эссанжді қамауға алуды тапсырды


Швецияның Жоғары соты Уикиликс сайтының құрылтайшысы Джуллиан Эссанжді зорлық жасады деген айыппен қамауға алу нұсқауы берілгенін растады.

Сот бейсенбі күні бұл айыпты жоққа шығарып отырған Эссанждің шағымын тыңдаудан бас тартты.

Эссанж бұл сот ісін Уикиликс сайтының құпия мәліметтерді жарыққа шығаруына қарсы жасалып жатқан науқанның бір бөлігі деді. Интерпол Эссанжге іздеу жариялады. 39 жастағы аустралиялықтың қайда екені белгісіз.

Бірақ британиялық тәуелсіз басылымы мен Лондондағы Эссанждің адвокаты оның қайда екенін Британия полициясы біледі деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG