Accessibility links

Мәсімов WikiLeaks-тегі ақпаратқа қатысты пікір айтты


Қазақстан пермьер-министрі Кәрім Мәсімов, WikiLeaks интернет-сайтындағы өзіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы AFP басылымына сілтеме жасай отырып Vesti.kz сайты хабарлап отыр

Интернеттегі ақпаратқа сәйкес ол өз әйелімен бірге болған және ол әйелімен би биленгенді жақсы көретіндігін айтады. Оның сөзінше, бұл ақпаратты көпшілікке жарнама ретінде жариялау үшін көп қаржы жұмсауға тура келуші еді. Алайда, бұл жолы ақпараттың тегін таратылғандығына ризалығын да жасырмады.

Еске сала кетсек, өткен жексенбіде WikiLeaks сайты мыңдаған құпия құжаттар жариялап, оның ішінде Қазақстан билігіндегі азаматтар туралы да ақпараттар болған еді.

Оның ішінде Қазақстан премьер-министр Кәрім Мәсімовтың Астанадағы белгілі Chocolat деген түнгі клубта болғаны жазылған. Онда түнгі сағат 11.30-да Мәсімов, президент әкімшілігінің басшысы болған Қайрат Келімбетов және сол кездегі Астананың әкімі Асқар Мамин орта жастағы үш әйелмен бірге түнгі клубқа барған. WikiLeaks сайтының жазуынша, онда Мәсімовтің би алаңына шығып, шаршамай ұзақ билеген.
XS
SM
MD
LG