Accessibility links

Испания үкіметі азаматтық авиация дағдарысын талқылайды


Испания үкіметі бүгін елдегі дағдарысты талқылау үшін жиын өткізеді. Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, егер азаматтық авиация қызметкерлері жұмысына оралмаса, елде ұлттық төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

Ішкі істер министрі Алфредо Перез Рубалкабаның айтуынша, егер төтенше жарияланатын болса, қызметіне оралмаған авиадиспетчерлер тұтқындалып, түрмеге жабылуы мүмкін.

Жұма күні көптеген авиадиспетчерлер жалақы мен жұмыстағы жағдайға байланысты дауға орай өтірік ауырып қалып, жұмысына келмеген болатын. Азаматтық авиация жұмысы тоқтап қалып, елдегі әуежайлар жабылған соң Испания әскерилері елдің әуе кеңістігін өз бақылауына алды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG