Accessibility links

Израилдегі өрт әлі сөндірілмеді


Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Израиль ормандары әлі жанып жатыр, әлем елдері мемлекет тарихындағы ең ірі өртті сөндіруге көмектесуде.

Осы уақытқа дейін өрттен 40-тан астам адамның опат болғаны белгілі болып отыр. Израиль солтүстігіндегі мыңдаған адам басқа жерге көшірілді. Өрт Израилдің үшінші ірі қаласы Хаифаға жетіп қалды.

АҚШ өртті сөндіруге көмектесу үшін 45 тонна жабдық пен мамандарын жібергенін хабарлады. Израилге жәрдемдесіп жатқан елдердің қатарында Ресей, Түркия, Греция, Болгария, Мысыр, Испания, Әзірбайжан және Румыния бар. Өртке не себеп болғандығы белгісіз.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG